You are currently viewing Тұтынылған газ үшін қарыз 37 млрд теңгеге жетті

Тұтынылған газ үшін қарыз 37 млрд теңгеге жетті

Бүгінгі таңда кәсіпорындар мен тұрғындардың “QazaqGaz Aimaq” АҚ алдындағы тұтынылған газ үшін қарызы 37 миллиард теңгеге жетті! Газ қарызы компанияға үлкен салмақ салуда. Қарызы ең көп мекеме – Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК). Маңғыстау облысын су және электр энергиясымен қамтамасыз ететін бұл компанияның газ үшін қарызы – 16,3 млрд теңге.Осы қарызды қайтару сұрағы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Килыбай мен “QazaqGaz Aimaq” АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаровтың кездесуінде талқыланды.

Облыс әкімінің айтуынша, бүгінде жергілікті атқарушы органдар қарыздарды қайтару бойынша тиісті жұмыстар жүргізуде. QazaqGaz Aimaq басшысының деректері бойынша, МАЭК-тен басқа, газ үшін негізгі борышкерлер қатарын үлкен отын-энергетикалық компаниялары толықтырып отыр. Ақтөбе жылу-энергоорталығы (ЖЭО) – 2,7 млрд.теңге, Таразэнергоорталығы – 1,2 млрд. теңге қарыз. Газ үшін қарызы ең көп тұрғындар қатарына Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының тұрғындары кіріп отыр.

Қарызы үшін газдан ажырату “QazaqGaz Aimaq”АҚ қолданатын ең соңғы шарасы. Ол борышкерге тиісті хабарлама жіберілгеннен кейін жүргізіледі. Дегенмен, апатсыз және үздіксіз газбен жабдықтауды жүзеге асмыру үшін айтарлықтай шығындар қажет. Ал қарыздар газ мекемесінің жылу беру маусымында өз тұтынушыларына газды сенімді әрі тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуге кері әсер етеді.

Қарыздарды өтеу сұрағын суық ауа райын күтпестен дәл кәзір шешу керек, – дейді газ қызметкерлері. Қазақстандықтар газ және басқа да коммуналдық қызметтер үшін уақтылы ақы төлеуге аса жауапкершілікпен қарауға тиіс. Шынында да, үлкен қарыздардың салдарынан жеткізуші кәсіпорынның өзі ғана емес, сонымен бірге адал төлеушілер де зардап шегеді. Ешкім қыста жылусыз қалғысы келмейді. Сондықтан, уақтылы төлеп, суық күндерді еш алаңсыз қарсы алған дұрыс. Ал қазіргі уақытта келесі жылыту маусымына дайындық қызу жүріп жатыр.